Қазақстанда 2025 жылы 4 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтті

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қазақстанда балалардың денсаулығын сақтау және ерте анықтау шаралары аясында 4 миллионнан астам бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.