Алматы облысында 89 млрд теңгеге үй жануарларына жемшөп өндіретін зауыт салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.