Бразилияның ботаникалық бағында Алматының апорты өсетін болды

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилия астанасының ботаникалық бағында алматылық апорт алма ағашының ресми таныстырылымы өтіп, ақпараттық тақтайша орнатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі мәлім етті.