311 млрд теңге: Қазақстанның машина жасау саласы рекордтық өсім көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 техника шығарылды. Бұл бүкіл жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.