АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform агенттігі шетелдегі қазақ баспасөзіне апта сайын шолу жасауды 2018 жылы бастаған болатын. Бұл жобаны қолға алуға қазақ тілінде жарық көретін баспасөз саны тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де артып келе жатуы себеп болған-ды. Шолуда еліміздің басқа елдермен саяси, экономикалық, мәдени салаларда ынтымақтастығы жіті назарға алынады. Сондай-ақ шет мемлекеттердегі ғылым мен техника, оқу-ағарту салаларындағы соңғы жетістіктерге жіті бақыланады.