Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті. Стипендияны Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.