2026 жылы 11 мың шақырым жол жөнделіп, салынады — Көлік министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2026 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Ол биылғы жылы ірі елді мекендерді айналып өтетін жолдарды салу мен реконструкциялауға ерекше назар аударылатынын айтты.