Парламент реформасы, Салық кодексі және АЭС құрылысы: 2026 жылы елде нендей өзгеріс болады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы жылдары Қазақстанның даму траекториясында жаңа бетбұрыс болуы мүмкін. Қазірдің өзінде сарапшылар макроэкономикалық болжамдар айтып, ішкі-сыртқы саясат пен мемлекеттік құрылымға қатысты долбарын дайындап отыр. Kazinform-ның аналитикалық шолушысы алдағы бірнеше жылда болатын маңызды өзгерістердің анық-қанығын бағамдап көрді.