Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа жылдан бастап азаматтар арнайы су пайдалануға рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы ала алады. Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.