АСТАНА.KAZINFORM - «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Президент ішкі және сыртқы саясат, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді.