Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көбейді

АСТАНА.KAZINFORM - 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың, базалық және ынтымақты зейнетақылардың барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.