Креативті индустрияға жаңа серпін: мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда креативті индустрия субъекттерін мемлекеттік қолдау және ынталандыру қағидалары бекітілді. Жаңа құжат саланы дамытудың жүйелі әрі ашық тәсілін қалыптастырып, креативті жобалардың идея мен пилоттық шешімдерден бастап, халықаралық нарықтарға шығу және коммерцияландыруға дейінгі кезеңін қамтиды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.