Еуропадағы қалың қар: 6 адам қаза тапты, жүздеген әуе рейсі тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропа бойынша тоқтаусыз қалың қар жауып, оның соңы көктайғаққа ұласып, көліктердің кептелісі де қиындық туғызды. Ресми мәліметке сүйенсек, қолайсыз ауа райына байланысты болған оқиғалар салдарынан құрлықта алты адам қаза тапқан. Бұл туралы ВВС жазды.