Ұлытау облысында мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған адам табылды

АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін Ұлытау облысы Қарсақбай ауылдық округіне қарасты Қамыс-Өткел қыстағы маңында жоғалып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды ТЖМ.