Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыратынын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ-тың 2027 жылға арналған әскери бюджеті бұрын талқыланған 1 трлн доллардың орнына 1,5 трлн долларды құрауы тиіс. Ол бұл жөнінде Truth Social әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жазды.