Meta Ray-Ban Display көзілдірігінің сатылымын әлем бойынша уақытша тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Meta компаниясы Ray-Ban Display көзілдірігінің жаһандық сатылымын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Бұған АҚШ-тағы сұраныстың өте жоғары болуы және өнім көлемінің шектеулігі себеп болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.