АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылы Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 489,8 мың рет көрсетілді.