Су қорғау аймағында не істеуге болады, неге тыйым салынады

АСТАНА.KAZINFORM - Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол ерекше қорғаудағы аймақ. Сондықтан өзендер, көлдер мен су қоймаларының айналасында су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері белгіленеді. Жаңа Су кодексі су объектілерін қорғауды күшейтті. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.