Былтыр прокуратура 3,5 мыңнан астам құқықтық дәріс өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Былтыр прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында халықпен жүйелі жұмыс жүргізіп, 120 мыңнан астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетті, еліміздің 250-ден астам елді мекенінде көшпелі қабылдаулар мен құқықтық ағарту іс-шараларын өткізді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.