АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің (ТМҰ) мемлекеттік орган, бизнес-қоғамдастық және даму институттары өкілдерін біріктірген Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-Бас Ассамблеясы өтті. Бұл туралы Экономика министрлігі мәлім етті.