АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында Сот әкімшілігінің департаменті 2025 жылдың қорытындысы бойынша сот қызметін ұйымдастыру, сот практикасын талдау, сот актілерін орындау және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.