АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан соңғы аптада әлемдік БАҚ-та экономикалық және технологиялық жаңалықтарымен көзге түсті. Елдің ядролық энергетикадағы АҚШ-пен бірлескен жобасы, ЕАЭО шеңберінде жасанды интеллектіні дамыту ұсыныстары, «Қазақстан темір жолы» арқылы бидай экспортының рекордтық өсімі және жүргізушілерге мемлекеттік нөмірді өздері таңдау мүмкіндігі оқырманның назарын аударды.