Көктайғақта құлап зардап шеккен адам қалай өтемақы ала алады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Қыс кезінде халық көктайғақтан кей көшелерде аяқ алып жүре алмай қалатыны жасырын емес. Құлап, аяқ-қолын сындырып алып та жатады. Ал мұндай жағдайға тап болған адамның өтемақы талап етуге құқығы бар. Бірақ та мұны көбісі біле бермейді.