Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі: қорытынды тыңдау қай күні болады

АСТАНА. KAZINFORM – Кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына байланысты тәртіптік істің қорытынды тыңдауы 19 қаңтарға белгіленді. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков мәлімдеді.