Беларусь ғалымдары эпилепсияны емдеуге арналған дәрінің баламасын шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Беларусь ғалымдары эпилепсия және жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға арналған импорттық дәрінің баламасы — «Габапентин-НАН» препаратын өздерінің ішкі нарығына шығарды. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады.