Қытайда жалғыз тұратындарға арналған «Өлді ме?» қосымшасын жүктеп алушылар көбейген

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайда жалғыз тұратын азаматтарға арналған «Өлді ме?» деп аталатын мобильді қосымша кейінгі уақытта кеңінен танылып, Қытайдағы Apple App Store платформасының ақылы қосымшалар рейтингінде бірінші орынға шықты, деп хабарлады Lianhe Zaobao басылымы.