Зейнетақы жинағы есебінен емделуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды

АСТАНА.KAZINFORM - 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бір реттік зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен медициналық қызмет алуға арналған өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды.