Цементті сертификаттау еліміздегі өндірістің рекордтық өсіміне серпін берді

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы цемент өндірісінің көлемі 13,07 млн тоннаға жетіп, саланың бүкіл даму тарихындағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Бұл нәтижеге қол жеткізудің негізгі алғышарттарының бірі цемент өнімдерін сертификаттаудың ұлттық жүйесін жетілдіру болды. Аталған жұмыс жаңартылған СТ РК 3361-2022 ұлттық стандарты аясында жүзеге асырылды.