Былтыр 276 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы алу мүмкіндігін пайдаланды

АСТАНА. KAZINFORM – Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 529,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 276,2 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланды.