Президент тапсырмасы орындалды: 90 қала мен 6 087 ауыл ауыз сумен 100 пайыз қамтылды
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздегі 90 қала мен 7,5 миллион тұрғыны бар 6 087 ауыл ауыз сумен 100 пайыз толық қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.