АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жеке тұлғаларға арналған автолизинг аясында шетелден әкелінген көліктерді де алуға болатынын айтты.