Павлодардың қақ ортасында құбыр жарылып, бірнеше көшені су басты
ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Қала әкімдігі апаттық учаскеде арнайы қызметтер зақымданған жерлерді жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жағдай реттелгенше тұрғын үйлердің біраз бөлігі суық судан ажыратылады.