Энергетика министрлігі КҚК терминалындағы танкерге шабуыл туралы: экспорттық ресурстарға зиян келген жоқ

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кемеде тіркелген келеңсіз оқиғалар туралы ақпаратты ресми түрде растайды.