Шымкентте әкімдіктің 10 жыл бұрын қабылдаған заңсыз шешімі сот арқылы күшін жойды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Заң талаптарына қайшы түрде 10 жылдан астам уақыт бойы жеке меншікке беріліп келген жалпыға ортақ пайдаланудағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған Жер кодексінің нормалары мен заңды күшіне енген сот шешімі негіз болды.