Атырауда бомбапанадан видео жарияланды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облыстық ТЖД қаладағы бір бомбапананың жұмысы мен қызметін баяндайтын бейнеролик дайындады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, бұл қорғаныс құралында 5 негізгі кіреберіс бар. Азық түлік пен қосымша заттарды жеткізуге арналған лифт, тіркеу бекеттері қарастырылған.