Қостанай қаласының тұрғыны трафикті бұрмалап, деректерді сыртқа шығарғаны үшін сотталды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанайда телекоммуникация жүйесіне заңсыз араласуға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Қостанай қалалық № 2 соты бағдарламалық қамтамасыз етуді бұзды және өзгертті деп айыпталған тұрғынға қатысты істі қарады.