Трамп vs Латын Америкасы: Батыс жартышарда соғыс бастала ма

АСТАНА. KAZINFORM – 20 қаңтарда Дональд Трамптың президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толады. Осы уақыт ішінде сырттай бақылаған адам оның көп елдің ісіне киліккенін біледі. Бұл, бір жағынан, оның сайлауалды уәдесіне де, АҚШ-тың оқшаулану идеологиясына да қайшы. Трамптың Латын Америкасы елдеріне қатысты қатаң риторикасының астарында не жатыр? Kazinform агенттігінің халықаралық шолушысы тақырыпты жан-жақты сараптады.