АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.