Пойызда алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімі ұсынылды.  Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.