Қанат Бозымбаев «Ауыл аманаты» бойынша жеңіл несиені жеделдетуді тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктердің, облыс әкімдіктерінің және «Amanat» партиясының қатысуымен өңірлік даму жөніндегі жоба кеңсесінің отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.