ЕАЭО-ның аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау тетігі айқындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.