Елімізде орта білім сапасын тәуелсіз бағалайтын орталық құрылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде орта білім сапасын тәуелсіз бағалайтын ұлттық зерттеу орталығы құру мәселесі пысықталады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.