Депутат жасырын тыңшылық құрылғылар нарығын қатаң реттеуді талап етті

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс отырысында депутат Мутәлі Әбутәліп Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевке депутаттық сауал жолдап, жасырын бақылау құрылғыларының заңсыз айналымы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін айтты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті.