Анна Данилина Аустралиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда чехиялық Мари Боузкова — бразилиялық Луиза Стефанимен кездесуі керек еді.