ЕАЭО келісімінде «қауіпті өнім» сөзі өзгертілді – Қазақстан жаңа мәтінді ратификациялады
АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу хаттамасын ратификациялады.