Теміртауда магистральдық апаттан кейін тұрғын үйлерге жылу берілді

ТЕМІРТАУ. KAZINFORM — Теміртауда түнгі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін сегізінші және Отрадное шағын аудандарындағы тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен қайта қосылды. Коммуналдық қызметтер магистральдық жылу құбырындағы ақауды жойып, жүйені технологиялық толтыру және реттеу жұмыстарына кірісті.