АСТАНА. KAZINFORM — Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиында 2027 жылға қарай Қазақстан энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.