Қазақстан Еуразия аймағынан инвестиция тартуда көшбасшы елдердің біріне айналды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Еуразиялық өңір елдерінен тікелей шетелдік инвестиция тарту қарқыны бойынша көшбасшы мемлекеттердің қатарына енді. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш шамамен 1 млрд АҚШ долларына артқан. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің баяндамасында айтылған.