АСТАНА.KAZINFORM – Күміс бағасының өсуі алтынның рекордтық қымбаттауымен тұспа-тұс келіп отыр. 2025 жылдың екінші жартысынан бері күмістің бір трой унциясының орташа экспорттық құны айтарлықтай артты. Бұл металға инвестициялық және өнеркәсіптік сұраныстың күшейгенін көрсетеді. Ал Қазақстанда күміс өндірісі бесінші жыл қатарынан қысқарып отыр.