Атырау мектептеріндегі бейнебақылау жүйесіне ЖИ енгізіледі

АТЫРАУ. KAZINFORM — Биылдан бастап Атырау облысындағы білім беру ұйымдарында орнатылған бейнебақылау жүйесіне жасанды интеллект мүмкіндіктері енгізіледі. Бұл мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, оқу үдерісін бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.